Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен министрліктіңң алқа отырысында Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен жылы Мемлекет басшысы қолда бар азық-түлік қорлары туралы түсініктің болмауы және соның салдарынан ішкі нарықты қорғау жөнінде объективті шешімдер қабылдау жөніндегі жағдайдың ауырлығын атап өткен болатын.
-Аумақтық сауда департаменттері әкімшілікпен бірлесе Ұлттық статистика бюросы есепке алмаған көкөністерді сақтауға арналған 593 нысанды анықтады. Қазір оларды есепке қою мәселесін пысықтап жатырмыз, - деді Айдар Әбілдабеков алқа отырысында.
2023 жылдың басынан бастап Сауда Комитетінің төрағалығымен өңірлік комиссиялардың 995 отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша 298 өнімсіз делдалдар және сауда үстемесінің асыру фактілері анықталды.
Өткізілген отырыстардың саны анықталған бұзушылықтардан 3 есе көп. Бұл өңірлердегі делдалдық схемаларды тергеуге өңірлік комиссиялардың әлсіз, әрі үстіртін жұмысын көрсетеді, - деді Айдар Әбілдабеков кеңейтілген отырыста.
Комитет төрағасының айтуынша, СИМ әкімдіктерден берген ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу құзыреті а.ж. 27 сәуірінен бастап әкімдіктерден СИМ-ге берілген болатын, ал оны тікелей аумақтық департаменттер іске асыра бастады. Сол уақыттан бастап 233 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 172-сі сауда үстемесін асырғаны үшін, 61-і тауарларға әртүрлі бағаларды қолданғаны үшін.
Анықтама: 1-жартыжылдықтың 2 айында 234 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 172 сауда үстемесін асырғаны үшін, 61 тауарларға әртүрлі бағаларды қолданғаны үшін, 1 сыйақыны асырғаны үшін іс қозғалды.