Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл қазақстандықтар үшін басты құндылық отбасы екенін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қоғамдық санада отбасы өзінің базалық құндылық екенін көрсетеді. Мысалға бізде бар дүниежүзілік құндылықтарға шолу және біздің ұлттық сауалнамалар нәтижесінде қазақстандықтар үшін әлі де ең басты маңызды құндылық ол – отбасы, – деді сарапшы SARAP эксперттік клубының “Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап” атты отырысында.
Ақнұр Иманқұл ел отбасылары туралы деректер Қазақстанның қоғамдық кеңістігінде жиі айтылатын отбасы дағдарысы туралы тұжырымдаманың эмпирикалық негізі жоқ екенін дәлелдейтінін айтты.
Жалпы отбасы институтының түрлері өзгергенімен, оның құндылықтық өзегі тұрақты. Яғни әлі де отбасы институтының және неке институтының дағдарысы жоқ деп айта аламыз, – деді ол.