Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 10 желтоқсанда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды, ол 2021 жылғы 9 қаңтарда аяқталады. Сайлау цикліндегі бұл кезең ең қызықты және ең маңызды. Өйткені ол сайлаушымен тікелей байланысты қамтиды, сайлайшылар өз кезегінде партияның ұсынылған бағдарламаларына сүйене отырып, өз таңдауын жасайды.
Осы саяси маусымда сайлау штабтары үгіт-насихаттың түрлі тәсілдері мен формаларын қолданды: тікелей эфирде пікірсайыстар, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының ауылдар мен қалалардағы сайлаушылармен жеке кездесулері, БАҚ-та сөз сөйлеу, әлеуметтік желілердегі посттар, баспа материалдары.
Пандемия сайлау процесіне өзгерістер енгізді – цифрлық технологиялар, түрлі онлайн платформалар, әлеуметтік желілер көбірек қолданыла бастады. Сонымен қоса, табиғи жағдайлар да сайлау штабтары үшін қиындық тудырды.
Оқиғалардың қарқындылығы, саяси партиялар мен олардың көшбасшылары, журналистер, блогерлер және сайлау процесіне қатысушылардың белсенділігі қоғамдық пікірге әсерін тигізгені хақ.
«Қоғамдық пікір» зерттеу институты партиялық рейтингтердің кезекті бөлімін ұсынады. Сауалнама институттың өз қаражатына 2021 жыл қарсаңында және қаңтар айының алғашқы күндерінде (29.12.-02.01) сұхбат түрінде (face-to-face) жүргізілді, репрезентативті іріктеу бойынша 1200 респонденттен сауалнама алынды, қателік +/- 2,88% болды. Зерттеу географиясы: Қазақстан Республикасының 14 облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары.
Сауалнама барысында респонденттерге мынадай сұрақ қойылды: «2021 ЖЫЛҒЫ 10 ҚАҢТАРДА ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ. СІЗ ДАУЫС БЕРУГЕ БАРАСЫЗ БА?», оған 65,1% респондент оң жауабын берді, 20,3% - теріс жауап берді, 14,6% - жауап беруге қиналды. Сайлаушылардың келуіне әсер етуі мүмкін маңызды фактор коронавирусты жұқтыру қаупі болып табылады.
«САЙЛАУ КҮНІ (2021 ЖЫЛҒЫ 10 ҚАҢТАР) ҚАЙ САЯСИ ПАРТИЯҒА ДАУЫС БЕРЕСІЗ?» деген сұраққа респондентер мынадай жауап берді: «Nur Otan» - 69,5%, «Ақ жол» - 10,4%, «ҚХП» - 8,1%, «Ауыл» - 4,8%, «Adal» - 3,1%. 4,1% респондент жауап беруге қиналды.
Бұл материал 2020 жылдың қазан айының соңында басталған сайлау сауалнамаларының нәтижелері бойынша жарияланымдар циклін аяқтайды.
2021 жылдың 10 қаңтарыңда «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Zakon.kz ақпараттық порталының тапсырысы бойынша «Exit poll» өткізетін болады. Оның нәтижелері 11 қаңтар күні 00.01 уақытында жарияланады.