Сәтпаевта Қала күні қарсаңында 70 мыңыншы тұрғын дүниеге келді

15 Қыркүйек 2019, 10:45
2904
Бөлісу:
Сәтпаевта Қала күні қарсаңында 70 мыңыншы тұрғын дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтпаевта қала күні көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды. Қала күні қарсаңында осы жылдың мыңыншы сәбиі дүниеге келді, ал мерекеге дейін 70 мыңыншы сәтбаевтық тұрғын дүние есігін ашты. Бүгінгі күні қала халқы 70 121 адамды құрайды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Салтанатты жиын Қаныш Сәтпаев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Одан кейін алаңда әртістер «Қаныштың каласында ән саламын баршаңа» атты концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.

«Қала күні біз үшін ең сүйікті және жылы мерекелердің бірі болды. Біздің әрқайсымыз үшін өз Сәтпаев ерекше жылы. Біреу осында дүниеге келген және өскен, біреу өз тағдырын тауып, біреу осында көшіп келген. Өзгеріссіз қалып отырған бір ғана жайт – барлығымыз Сәтпаевті жақсы көреміз, күн сайын қала шежіресіне өз есімімізді қалдыру үшін, шаһардың өмірі мен оның болашағы үшін үлесімізді қосудамыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің қала тұрғындарының саны жылдан-жылға  көбейін келеді, соңғы 3 жыл біз үшін жемісті болды, бүтін шағын аудандар, жолдар мен аулалар қалыпқа келтірілді, - деп құттықтады Сатпаев тұрғындларын қала әкімі Асқар Ыдырысов.

Қала басшысы атап өткендей, қазір маңызды бағыттардың бірі – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау. Мұқтаж жандарға тек билік қана емес, сонымен қатар «Қазақмыс» жүйе құраушы корпорациясы, кәсіпкерлер мен меценаттар көмектеседі.

«Биыл 19 көпбалалы отбасы пәтер алды. Бүгін, қала күні мерекесінде тағы жеті отбасына пәтер кілттерін тапсырамыз», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, меценаттар әлеуметтік қорғалатын санаттардағы 13 отбасына ақшалай сертификаттар табыс етті.

Қала күніне орай Қаныш Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған «Жүректерде жанған жұлдыз» кітабының тұсаукесері өтті. Достық үйінде жұртшылық пен оқырмандар жиналды.

Қала күнінде тұрғындар алдында қазақстан эстрада жұлдыздары ән шырқады. Мереке отшашумен аяқталды.

Қаланың пайда болуына Қ. Сәтпаев жүргізіп жатқан кең геологиялық барлау жұмыстары себеп болған. Ол аймақтағы мыс кенінің ірі шоғырын ашты. 30-жылдардың басында № 31 және 32 алғашқы шахталар, Покро және Петро пайда болды. Анненск және Каргин карьерлеріндегі кен орындарын игеру басталды, Никольский және Беловский карьерлері іске қосылды.

1973 жылы Никольский жұмысшы кенті қала мәртебесін алды. 1990 жылдың 13 қыркүйегінде Никольский қаласы Сәтпаев деп аталды.

Өзгелердің жаңалығы