Сәтбаев қаласында кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Бұл туралы Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Күдіктінің жәбірленушімен бетпе-бет кездесуі ұйымдастырылды. Қазіргі таңда ер адам кінәсін мойындап, тиісті көрсетілімдер беріп жатыр. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жалғасуда, – деп хабарлама таратты Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сәтбаев қаласында белгісіз ер адамның қыз зорламақ болғаны туралы хабарланған болатын.