Кездесу барысында Ғылым қорының Басқарма төрағасы Камиль Ақатов қор тарапынан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру жөнінде талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ коммерцияландыру кеңсесінің жұмысымен танысты. Университеттің жетекші ғалымдарымен университеттің тау-кен өнеркәсібі және ұшқышсыз ұшу жүйелері саласындағы соңғы әзірлемелерін талқылады.
Кездесу барысында профессор Серік Молдабаев тереңдікте орналасқан кен орындарын ашық әдіспен өндіру саласындағы жұмыс аясында тік еңіс қабаттары бар тау-кен жұмыстарын күшейту әдісін енгізу бойынша өз жобасын ұсынды. Бұл инновациялық тәсіл пайдалы қазбалар өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Ғылым докторы Алексей Оксененко ауыл шаруашылығында дәл жер өңдеу кезінде қолданылатын ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы озық технологиялармен таныстырды. Ол ауыл шаруашылығына арналған прогрессивті шешімдерді ұсына отырып, осы технологияны қолданудың барлық мүмкіндіктерін жан-жақты ашып берді.
Сәтбаев университетіне сапар жасау Ғылым қорының отандық перспективалы инновациялық жобаларды іздеу және қолдау жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып саналады.
Кездесуде ғылыми қауымдастық пен Қазақстанда инновациялық технологияларды дамытуға ықпал ететін институттар арасындағы ынтымақтастық қарыс-қатынастың маңыздылығы ерекше атап өтілді.