"Сары" аймақтағы Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары енгізіледі

21 Шілде 2022, 22:26
1308
Бөлісу:
"Сары" аймақтағы Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың «сары» аймаққа өтуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысы шықты 

Жаңа қаулыға сәйкес, жеке тұлғаларға автовокзал, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі, жабық базар, концерт залы, театр, кинотеатр, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО), банк, стадион сияқты адамдар көп жиналатын орындарға, ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қала ішіндегі қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию ұсынылады. 

Алайда бұл талап 5 жасқа дейінгі балалар мен ересектерге тамақтану кезінде жүрмейді. 

Сондай-ақ қалалық бас санитар қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясына қарсы екпе мен ревакцинацияны жүзеге асыруды жандандыру ұсынылады. 

Қаулы 23 шілдеден бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы