Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу облысының Сарқан ауданында тұрғындардың жаппай судан уланып жатқаны туралы ақпарат фейк.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті - Жетісу облысы Сарқан ауданының тұрғындары жаппай судан уланып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Сарқан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырады. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде судағы микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер санитариялық нормаға сәйкес келетіні анықталды. Сонымен қатар, тұрғындар аудандық ауруханаға улану туралы шағымдарымен жүгінген жоқ,-делінген хабарламада.