«Sardar A» командасы «UAE SWAT CHALLENGE-2025» турнирінде үздік нәтиже көрсетті

Бөлісу:
«Sardar A» командасы «UAE SWAT CHALLENGE-2025» турнирінде үздік нәтиже көрсетті
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар А» командасы «UAE SWAT CHALLENGE-2025» халықаралық арнайы жасақ жарысының екінші кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, тапсырманы 00:53:39 уақыт ішінде сәтті орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың екінші кезеңінің қорытындылары бойынша «Сардар А» командасы тактикалық және кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Сондай-ақ жалпы командалық есепте үшінші орынға көтеріліп, өздерінің тұрақтылығы мен сенімділігін дәлелдеді.

«Sardar A» командасы «UAE SWAT CHALLENGE-2025» турнирінде үздік нәтиже көрсетті

Команданы алда тағы үш жарыс күні күтіп тұр, онда олар өз нәтижелерін жақсартуға және турнирдің көшбасшылары қатарына енуге тырысады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, келесі кезеңдер командалар үшін нағыз сынақ болмақ. Олар ең үздік тактикалық және жедел дағдыларды анықтауға бағытталған.

«UAE SWAT CHALLENGE-2025» жарысы әлемдегі ең мықты арнайы жасақтардың шеберлігін көрсететін беделді турнир болып табылады. Қазақстандық командалардың жоғары нәтиже көрсетуі еліміздің арнайы бөлімшелерінің кәсіби деңгейін дәлелдейді.

Өзгелердің жаңалығы