Сарбазды ұрып өлтірген офицер 7 жылға сотталды

30 Қазан 2024, 14:22
1193
Бөлісу:
Сарбазды ұрып өлтірген офицер 7 жылға сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Әскери бөлімдегі лейтенант Жанбота Шәкіров 7 жылға сотталды. Бұл туралы қоғам белсендісі Ринат Рафхат әлеуметтік желісіне жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Алматы гарнизонының әскери сотында мамырда әскери госпитальге түсіп, ауруханада көз жұмған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша үкім шықты.

Әскери бөлімдегі лейтенант Жанбота Шәкіровке «билiктi асыра пайдаланды» деген айып тағылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әскердегі әлімжеттіктің салдарынан ауруханаға түсіп, 10 күннен кейін көз жұмған жас сарбаз Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша айыпталған лейтенант Шәкіров ҚК 451-бап «Билiктi асыра пайдалану» 2-тармағымен 7 жыл бас бостандығынан айырылды, - деп жазды Рафхат.

Жанбота Шәкіров сотта марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады.

Өзгелердің жаңалығы