Сарбаздардан ақша жинау қашан тоқтайды? – министрлік жауабы

Бүгiн, 12:10
950
Бөлісу:
Сарбаздардан ақша жинау қашан тоқтайды? – министрлік жауабы
Фото: BAQ.KZ архив

Қазақстандық сарбаздар әскери ортада қысым мен әлімжеттікке ұшыраса, қайда шағымдана алады? BAQ.KZ тілшісі осы мәселеге қатысты Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолдады.

Сауалда "Әскердегі буллинг ол қоғамдағы да кең таралған мәселе. Жалпы қысым көрген әскери қызметші қайда жүгіне алады?", "Жалпы командир, офицер тарапынан буллиг пен әліжеттік көрсе, ол қалай шешіледі?" деген сұрақтар қамтылған.

Министрлік Қарулы Күштердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу – басым бағыттардың бірі екенін мәлімдеді. Бұл үшін бірқатар шаралар іске асырылуда:
• Бейнебақылау жүйелері орнатылған,
• Сенім телефондары мен шағым жәшіктері қолжетімді,
• Анонимді сауалнамалар, профилактикалық тексерулер тұрақты жүргізіледі,
• "Жауынгерлік дос", "Серіктес", "Пирамида", "Тәлімгер" бақылау жүйелері енгізілген,
• Сарбаздардың ата-аналарымен байланыс орнату үшін бейнеқоңырау арқылы сөйлесу мүмкіндігі қарастырылған.

Министрлік бүкіл құқық бұзушылықтар бойынша толық тексеру жүргізіліп, кінәлілер жауапқа тартылады деп сендірді.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бері "Ұл қызметі – ана көзімен" патриоттық акциясы өтіп келеді. Бұл бастама аясында "Сарбаздар аналарының комитеті" өкілдері әскери бөлімдердегі жағдайды өз көздерімен көріп, командирлерге ұсыныстарын жеткізе алады.

Бұл шаралар "Өмірді сақта" және 2025 жылға дейінгі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда.

Еске салайық, бұған дейін министрлік кімдердің әскери қызметті кейінге қалдыра алатынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы