Сарбаздар ұлы Абайды ұлықтады

14 Тамыз 2024, 03:19
381
Бөлісу:
Сарбаздар ұлы Абайды ұлықтады
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Алматыдағы Антон Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының туған күніне орай "Әлем таныған – ұлы Абай" атты әдеби-сазды кеші өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағлымды кешке Абай атамыздың ұрпағы - Нұргүл Ысқақова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, отандық бірнеше фильмдерде Абай Құнанбайұлының рөлін сомдаған актер Болат Әбділманов қатысты. Сондай-ақ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің "Хакім Абай" ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, профессор Марат Бекбосынов та болды. 5571 әскери бөлімінің кітапхана бастығы сержант Ақнұр Жәлішева, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі) аға көмекшісі аға лейтенант Мерей Байсеркеева және Ұлттық ұланның жауынгерлері, республикалық Абай оқуларының гран-при иегері Аяжан Құдайберген қатысты.

Әдеби-сазды кештің мақсаты өскелең ұрпаққа өнегесі мол Абай атамыздың өмір жолын, шығармашылығын, еңбектерін насихаттау. Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының ұрпағы Нұргүл Ысқақова хакім бабамыз туралы тың ақпараттармен бөлісті. Оның Семей қаласындағы мұражай-үйі туралы баяндады. Ал, құқықтық тәртіп әскерінің сарбаздары қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп күй шертті. Жанды дауыста әндер шырқалды.

Өзгелердің жаңалығы