Сарбаздар асханаларында тағам әзірлеуге қатысты электрондық бағалау енгізіледі

30 Сәуір 2021, 14:47
925
Бөлісу:
Сарбаздар асханаларында тағам әзірлеуге қатысты электрондық бағалау енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты.

Тылдық қамтамасыз ету – ел Қарулы күштерін дамытудың басты бағыттарының бірі. Жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерін орындау сапалы тамақтанумен, киім-кешекпен қамтамасыз етумен, уақтылы медициналық көмек көрсетумен, әскери қызметшілер тұратын жерлердің жағдайларын ұйымдастырумен байланысты. Осы жылы ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолдауының арқасында барлық үлес түрлерінің бағасы орта есеппен 40 пайызға артты. Бұл шара жеке құрамның тамақтану сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді, - деді Таласов.

Ол атағандай, қазір әскери қызметшілердің тағамдарына 48-ден 61-ге дейін азық-түлік атаулары кіреді.

Оған сиыр еті, құс еті, балық, ірімшік, шұжық, сүзбе, қаймақ, жемістер, табиғи шырындар, дәрумендік қоспалар, гематоген және басқалары кіреді. Жақын арада жылқы, қой, қаз, үйрек еттерін, балықтың әр түрін қосу да жоспарлануда, – деп атап өтті генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтерді бағалау аналогы бойынша барлық тамақтану орындарында планшеттік жүйе енгізілуде, оның көмегімен әскери қызметшілер аспаздардың жұмысын бағалай алады.

Бұл жаңа бастама әзірленген тағамның сапасын бақылауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы