Сарбаз өлімі. Қылмыстық тергеу деректері жариялауға келмейді - ҰҚК

27 Қаңтар 2023, 15:38
1914
Бөлісу:
Сарбаз өлімі. Қылмыстық тергеу деректері жариялауға келмейді - ҰҚК
Фото: egemen.kz

Жамбылда қайтыс болған сарбаз ісі бойынша мәліметтер жариялауға жатпайды. Бұл туралы ОКҚ-да ҰКҚ Шекара қызметінің өкілі айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызмет өтеп жатқан сарбаздың өліміне қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

ҰКҚ Шекара қызметінің өкілі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайтынын айтты.

Сотқа дейінгі қылмыстық тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Яғни ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабы бойынша ештеңе жария ете алмаймын. Бұл сұрақ бойынша жауап алу үшін ресми хат жолдауға болады, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы