Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды

7 Қазан 2022, 09:46
1473
Бөлісу:
Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды
PHOTO

Махамбет ауданында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Көне керуен жолдары және оның бойындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу мәселелері» тақырыбында далалық семинар өтті, деп хабарлай BAQ.KZ.

Еліміздің және Ресей елінен арнайы келген ғалымдар керуен жолдарын барлау барысында «Канал», «Шойтас», «Құлпытас», «Ащысай» тұрағы және  жаңадан анықталған алтынордалық «Қарағайлы» мекеніне барды.

Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды
Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды

Сарайшық елді мекенінен 20 шақырым жерде жаңадан анықталған Қарағайлы мекенінен қыш ыдыс сынықтары, сәндік әшекей бұйымдар, мыс тиындар табылды. Археолог Мадияр Елеуов және Вячислав Плахов бұл аймақта сауда жолы бойында үлкен мекен болғандығын айта келе, табылған ғимарат кесене деген пікір білдірді. Сонымен қатар, нумизмат Павел Петров табылған тиындар Өзбек хан кезеңіне жататындығын нақты айтты. Археолог Марат Қасеновтің пікірінше, бұл аймақта Сарайшықтан кейін күйген кірпіштен жасалған осындай кешен алғаш кездесіп тұр.

Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды
Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды

«Қарағайлы» мекенінің батыс жағында шамамен 4-5 ғимарат орны төбешік күйінде байқалады. Оның біреуін зерттеген кезде қыш және саман кірпішпен аралас тұрғызылған ғимарат орны анықталды. Екі бөлмеден тұратын ғимараттың үлкен бөлмесінің көлемі – 4,8х4,8 м, кіші бөлме көлемі – 4,8х2,4 м. Қабырғасының қалыңдығы – 1,25 метр болса, сақталынған биіктігі – 80 см. Бөлмелердің еденіне қыш кірпіштер төселген. Сонымен қатар осы аралықта аз мөлшерде тас еңбек құралдарының жаңқалары да кездесті. Мұнда мәдени қабаты бойынша біраз халықтың тұрғанын байқауға болады. Ғимарат шамамен ХІV-XVІ ғасырға, Алтын Орда кезеңіне жататыны анық байқалады. Бұл Сарайшық пен Сарай Бату, Қажы Тархан арасындағы алғашқы ірі ескерткіш деп саналады,- деді музей-қорықтың бас инспекторы, археолог Айбек Тұрарұлы.

Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды
Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды

Ал сарайшықтанушы, археолог Вячислав Плахов картада керуен сарайлар көрсетілгенімен бұған дейінгі зерттеу жұмыстары кезінде кездеспегенін жеткізді.

Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды
Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды

Бұл біздің ең алғашқы табысымыз. Нысан батысқа жол тартқан саудагерлердің тынығуына таптырмас орын болғандығымен ерекше. Қайта жасақтауға болатындай күйде сақталған. Сондықтан көп уақыт созбай жұмыстарға кірісу керек. Әрине, мұның бәрі қаражат пен қажырлы еңбекті талап етеді,- деді сарайшықтанушы, археолог Вячислав Плахов.

Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдеи музей-қорығының археологтары былтырдан бері Ұлы Жібек жолының тармақтарын зерттеп келеді. Жүйелі жұмыстар жүргізудің нәтижесінде биылдың өзінде 10-нан астам алтынордалық тұрақ табылған.

Өзгелердің жаңалығы