Сарапшылар тұқым түрінің тапшылығы мәселелерін талқылады

10 Тамыз 2022, 10:25
1021
Бөлісу:
Сарапшылар тұқым түрінің тапшылығы мәселелерін талқылады

«Ауыл» партиясының «Жаңа Қазақстанға – жаңа ауыл» республикалық жобасы аясында «Егіс күні - 2022» іс- шарасы өтті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Онлайн форматта өткізілген конференцияға 1500 тарта шаруа қожалығы мен шағын жеке шаруашылық өкілдері және білім беру саласының мамандары мен ғалымдар қатысты. 

Еліміздегі көптеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жаңа тұқым сорттарын егуге мүмкіндіктері жоқ. Бұл бағытта арнайы мемлекеттік қолдау болмағандықтан шаруалар қауымы жыл сайын бір тұқымды себе беруге мәжбүр. Ал енді ғылыми стандарттар бойынша тұқым сорттары әр 5 немесе 7 жыл сайын жаңартылып тұруы тиіс. Бұлай болмаған жағдайда астықтың түсімі төмендей береді. Еңбек өнімділігі де кемиді. Бұл өз кезегінде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар  өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне алып келеді, - деді  «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ басқарма төрағасы, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов та ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін дәнді дақылдардың жоғары сапалы сорттарымен, қорғаныш құралдарымен, тыңайтқыш түрлерімен қамтамасыз ету қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі екендігін ерекше атап өтті.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ көп жылдар бойы жергілікті климаттық жағдайға бейімделген перспективалы тұқым түрлерін өсірумен айналысатындықтан, бұл салада үлкен тәжірибеге ие. Университет ғалымдары ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, соның ішінде «Ауыл» партиясы ұйымдастырған іс-шараларда бірнеше рет өз зерттеулерін ұсынды. Бұл жолы іс-шараның форматы негізінен ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бағытталған және ҚАТУ мен оның серіктестерінің озық агротехнологияларымен таныстыру және көрсету мақсатында өткізіліп отыр, - деді Айтуғанов. 

Өзгелердің жаңалығы