Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жастар» ҒЗО алаңында «Қазақстан жастары – 2022» Ұлттық баяндамасының мазмұндық бөлігін алдын ала сараптамалық талқылау өткізілді.
Бұл туралы Ақпарат және қоғам даму министрлігінің баспасқз қызметі хабарлайды.
Негізгі баяндамашылар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Жанна Кәрімова, Қазақстандағы ЮНФПА гендерлік және популяция жөніндегі мәселелерін бағдарламалық талдаушы Молдақұлова Ғазиза, «Алтайтану» ҒЗО директоры Александр Алексеенко болды.
Жиын барысында Елнұр Бейсенбаев бүгінгі таңда маңызды саяси өзгерістер кезеңінде жастардың нақты жағдайын көрсететін ақпарат ұсынылуы керектігін атап өтті.
Жанна Кәрімова жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында ұлттық баяндаманың қорытындысы бойынша практикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу тәжірибесін қайта бастауды ұсынды. Сондай-ақ ол ұлттық баяндаманы, оның ішінде қоғамдық әлеуметтану құралдарын, тиімді кері байланыс құралдарын пайдалануды кеңінен насихаттауға назар аудару керектігін атап өтті.
Талқылау нәтижесінде сарапшылар ұлттық баяндама жастардың шынайы сұранысын көрсететін құжатқа айналуы керек деген ортақ пікірге
Олар баяндаманың маңыздылығы өскелең ұрпақтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін, сондай-ақ жастар саясатын талқылау кезінде ескерілуі қажет негізгі тенденцияларды, қызығушылықтар мен талаптарды анықтауда екенін атап өтті.
Айта кетейік, 2013 жылдан бері «Жастар» ҒЗО жыл сайын «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын шығарып келеді. Баяндамада қазақстандық жастардың өмірінің негізгі салаларындағы жағдайына жан-жақты талдау жасалған.