Сарапшылар Президент Тоқаевтың 3 жылдық реформаларының нәтижелерін талқылады

Бөлісу:
Сарапшылар Президент Тоқаевтың 3 жылдық реформаларының нәтижелерін талқылады
Фото: автордан

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) "Қ.К. Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері" тақырыбында сараптамалық талқылау өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жиынға мемлекеттік органдар мен Парламент өкілдері, талдау орталықтарының басшылары, тәуелсіз сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Сарапшылар соңғы үш жылда жүргізілген саяси реформалардың мемлекеттік басқару жүйесіне, құқықтық салаға және азаматтық қоғамның дамуына тигізген ықпалын талқылады. ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов өз сөзінде бұл реформалардың ауқымдылығын атап өтіп, олардың посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ екенін айтты.

Президент Тоқаевтың бастамалары Қазақстанның демократиялық дамуын жаңа деңгейге көтерді. Мемлекет басшысы атап өткендей, саяси жаңғыру – елдің тұрақты дамуының негізгі шарты. Қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның реформалар бағытын ұстануы – біздің ұлттық бірлігіміздің және мемлекеттің мықтылығын білдіретін айқын белгі. Бұл реформалардың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, демократиялық институттарды нығайту және жаңа саяси дәстүрлер қалыптастыру, – деді Тұқымов жиында.

Отырыс барысында сарапшылар реформалардың нақты нәтижелерін талқылап, олардың болашақтағы ықтимал әсерлері туралы пікірлерін ортаға салды.

Өзгелердің жаңалығы