«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны Ата Заңымыз – Конституция, соның ішінде, Конституциялық сот институтына арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Конституция – елдегі бүкіл құқықтық жүйенің түптамыры, темірқазығы. Алайда осы Ата Заңнан тарайтын кейбір қатардағы заңдар мен шешімдер Конституцияға қайшы келіп, кейде қиындық тудыратыны бар. Мұндайда елдегі құқықтық нормаларға Конституциялық кеңес түсінік береді. Бұған дейін Конституциялық сотқа биліктің үш тармағы ғана қайырылып өтініш жасай алатын. Президент бастамасымен биыл бұл қасаң қағиданың мүлдем жойылғанын, заңға енгізілген өзгерістер туралы сарапшылар тарқатып айтып берді.
Айта кетейік, «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының бұған дейінгі саны Конституциялық реформалар Қазақстанға не бергеніне арналған болатын.