Артық салмақ жинамауға көмектесетін әдеттер

4 Қазан 2019, 11:35
3656
Бөлісу:
Артық салмақ жинамауға көмектесетін әдеттер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұзақ өмір сүруге көмектесетін жағдайлардың бірі – артық салмақтың болмауы. Бұл туралы medikforum.ru сайтында хабарланды. Сарапшылар артық калориядан арылтатын бірнеше тәсілді атады.

Дәрігерлердің айтуларынша, артық салмақ жинамас үшін таңғы асқа 2 жұмыртқа, ал түскі асқа жемісті сорпа ішу керек. Жұмыс үстелінде отырып-ақ аяқты сермеп, қимылдатып отыру керек. Осылай еткен жағдайда күніне 350 килокалориядан арыласыз.

Америкалық диетолог Брайан Вансинк адам көпшілікпен бірге тамақтанған кезде жалғыз отырып тамақтанғанға қарағанда 96% көп килокалория жеп қоятынын айтты. 

Артық салмақтан арылғысы келетіндерге теледидар алдында отырып тамақ жеуге кеңес берілмейді. 

Мамандардың айтуынша, чипсы және снек сияқты зиянды тамақтарды да жеуге болады, тек көлемін көбейтпеу керек. 15 данасын санап алып, тарелкаға салып жеген дұрыс. Сондай-ақ, артық салмақтан арылуға жаңғақ жақсы көмектеседі. Ол жеген кезде өзіңді қарның тоқ күйде сезінесің.

Көлемі кішкентай ыдыстан тамақ ішкен де дұрыс. Ол артық тамақ жеп қоюдан қорғайды. Тамақты асықпай шайнап жейтіндер күніне 500 милокалориялан арылады.
Өзгелердің жаңалығы