Сарапшы жаңа облыстардың құрылуы қандай пайда беретінін түсіндірді

24 Наурыз 2022, 16:20
2567
Бөлісу:
Сарапшы жаңа облыстардың құрылуы қандай пайда беретінін түсіндірді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Самат Нұртаза айтты.

Біздің қоғамда реформа ұсынылса ол келесі күні нәтижесін беру керек деген стереотип қалыптасқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы іске асады. Алайда бәрі бір күнде емес. Мәселен,  құрылған үш облыстың ашылуына да бірнеше ай қажет. Кейбір сарапшылардың айтуынша, облыстар маусым-шілде айларында іске асады деп күтілуде. Сол себептен саяси реформалар жүргізіледі. Оған, әрине шыдам керек. Менің ойымша, жылдың аяғына дейін әжептәуір нәтиже көреміз деп ойлаймын, - деді ол

Сонымен қатар ол журналистің «Жаңа Қазақстанды» құру үшін жаңа облыстар құрудың тиімділігі қандай деген сұраққа жауап берді.

«Жаңа Қазақстан» деген тек қана облыс ашу емес бұл сананы жүктеу, құндылықтарға басқаша қарау. Еліміздің ішіндегі тұрғындарда өзгеруі керек. Меніңше, елімізде тек асыраушы 4 донор облыс бар деген сепаратистік сөз. Бюджет бәріне ортақ қазақ халқына арналған. Жалпы, Абай , Жетісу, Ұлытау облыстары қазақ қоғамының ішіндегі ұйықтап жатқан дерт еді. Бұл мәселе әрбір жиында айтылатын, - деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Самат Нұртаза.

Өзгелердің жаңалығы