Сарапшы: Сайлаудың мақсаты – қоғамның саяси жүйесін қайта жаңғырту

21 Қыркүйек 2022, 20:20
2164
Бөлісу:
Сарапшы: Сайлаудың мақсаты – қоғамның саяси жүйесін қайта жаңғырту

Сайлаудың мақсаты – қоғамның саяси жүйесін қайта жаңғырту. Бұл пікірді Президент жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Мұхит Асанбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қоғам мен мемлекет үшін үлкен және маңызды мақсаттар мен міндеттерге бағытталған жаңа үміттер мен бағдарларға толы сайлау 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.  Оның басты мақсаты - қоғамның саяси жүйесін қайта жаңғырту. Жаңа уақыт жедел шаралар қабылдауды талап етеді. Күн тәртібінде түрлі шаралар бар, олардың миссиясын білу үшін биылғы жазда конституциялық түзетулер пакетін қабылдау бойынша референдум өткізумен бірге біздің еліміз кірген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық шындықты мақсатты түрде негізге алу жеткілікті. Бұл жүргізіліп жатқан реформалардың, атап айтқанда кезектен тыс президенттік сайлаудың мәні, – деді сарапшы.

Айтуынша, сайлау күнін белгілеумен жыл басында сарапшылар қауымдастығының өкілдері болжаған өзгерістерді күту артып келеді. Өздеріңіз білетіндей биылғы президенттік сайлаудың ықтималдығы, келесі жылы парламенттік сайлаудың өткізілуі талқыланған.

Тұтастай алғанда саяси реформалардың үлкен пакетін одан әрі іске асыруға бағытталған саяси процестерді күшейту сценарийі жоспарланған. Бұл ретте қазіргі саяси маусым Қазақстанның тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін айқын пайымы мен неғұрлым орнықты саяси модель қалыптастыру ниеті бар, саясатта сахнадан тыс ойынсыз, елде жаңа саяси дәстүрді кеңінен таратудан басталды,– дейді Мұхит Асанбаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, әділ Қазақстанды құру жолындағы кешенді реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

Бұл алдағы президент сайлауының квинтэссенциясы болады. Олар саяси процеске серпін беріп қана қоймай, нәтижелері келесі жылы айқын болатын қазіргі билік үшін де сын-қатер болмақ. Әзірше Қазақстанға қоғамның саяси күштерін шоғырландыру, бірлік пен өзара түсіністік және азаматтық қоғам мен биліктің жаңа деңгейге шығуы қажет. Осылайша президенттік сайлауға дейін екі ай қалды, міндеттер ауқымы анықталды, сайлау науқаны басталды, – деді Президент жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері.

Өзгелердің жаңалығы