Орталық Азия елдері өз жастары үшін күресуі қажет. Өйткені олар радикалды күштердің назарында. Өзбекстан Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының директоры Элдор Арипов осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Спикердің мәлімдеуінше, Орталық Азия – халқы жас аймақтартардың қатарында. Халқының 35 пайызға дейін үлесі - жастар. Бұл жастар жұмыс орындарына, әлеуметтік сатыларға, жоғары білімге мұқтаж.
Бұл жастар біздің ғана емес, Орталық Азия үкіметтерінің ғана емес, сондай-ақ түрлі деструктивті күштердің назарында екенін түсінуіміз қажет. Олар біздің жастарға радикалды құндылықтарды, радикалды идеяларды сіңіруге әрекет жасауы мүмкін. Сол себепті Орталық Азия жастары үшін жүретін күрес – болашақ үшін талас деуге әбден болады. Біз мұны да сезініп, ортақ күш-жігерімізді бұл мәселеге де шоғырландыруымыз керек. Сонда ғана бұл қатерді бірлесіп еңсереміз, - деді өзбекстандық сарапшы «Орталық Азия-2030:Болашақтың келбеті» атты сарапшылар кездесуінде.
Осыған дейін Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Орталық Азиядағы басты қатерді айтқан еді.