Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Виртуалды әлемнің қауіп-қатерінен балаларымызды қалай сақтаймыз? «Kaspersky»-дің Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов жауап берді.
Зубановтың айтуынша, жасөспірімдер мен балалар қауіпсіздігін сақтауда ата-ананың рөлі зор.
Ата-ана қазіргі балалардың қызғушылығын түсіне білуі маңызды. Бұл оларды онлайн өмірдің қауіп-қатерінен қорғауға өз септігін тигізеді. Өйткені ана мен бала түсінігі жақындай түседі. Мәселен, бүкіл отбасы бірігіп: танымал блогердің, танымдық бейнелерді немесе кез келген ойын түрлерін бірге көріп, талқылаған жөн. Бастысы баланыңыздың интернет желісін қандай мақсатта қолдану керек екенін түсіндіріңіз- деді «Kaspersky»-дің Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық директоры.
Сондай-ақ «Kaspersky» басшысы 2021 жылы қазақстандық балалар қандай әлеуметтік желілерге көп кіргенін атап өтті.
Бірінші орында YouTube желісі оның үлесі 32 пайызды құрап отыр. 22 пайыздан астамына WhatsApp, ал тағы 16 пайызын - TikTok желісіне тиесілі, -деді ол.
Айта кетерлігі, интернеттегі ата-ана бақылауын әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыруға болады. Мысалы, Windows Vista-дағы ата-ана бақылауы, Kaspersky Internet Security-де орнатылған ата-ана бақылау құралы.