Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сарапшы Ата Заңымыз 30 жыл ішінде қандай құжатқа айналғанын айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
22 Тамыз 2025, 17:18
2592
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Елордада "Қазақстан Республикасының Конституциясы: 30 жыл мемлекеттіліктің, ел егемендігінің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілі" тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толуына орай Қазақстан халық партиясы еліміздің басты құжатын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиында заң үстемдігін дамыту, сот төрелігі жүйесін жетілдіру және демократиялық институттарды нығайту мәселелері бойынша мазмұнды сараптамалық диалог өтті.
Жиынның ашылуында сөз алған ҚХП төраға орынбасары, фракция жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Конституция еліміздің басты құжаты екенін айтты.

30 жыл ішінде Конституциямыз мемлекеттіліктің берік негізіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепіліне, демократиялық институттарды дамытуға бағыт беруші құжатқа айналды. Ол қоғамды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіріп, елдің стратегиялық жолын айқындап, жаңғырудың негізіне айналды. Бүгін өткен жолға көз жүгірте отырып, Ата Заңымыздың тәуелсіздікті нығайтуға, құқықтық мемлекетті қалыптастыруға, заң үстемдігі қағидаттарын орнықтыруға, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға зор ықпал еткенін көреміз, - деп айтты депутат.

Сарапшы Ата Заңымыз 30 жыл ішінде қандай құжатқа айналғанын айтты

Сонымен қатар оның сөзінше, Конституцияның 30 жылдығы – қоғам алдында тұрған жаңа сын-қатерлерді талқылауға, құқықтық жүйенің әрі қарай дамуы мен Конституцияның әрбір азаматтың өміріндегі рөлі жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік.

Еске сала кетейік, 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толады.

Өзгелердің жаңалығы