Сақ болыңыз! Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Кеше, 21:07
471
Бөлісу:
Сақ болыңыз! Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
VIDEO

Алаяқтар азаматтардың жұмыс орындарында белгілі бір адамдарға қатысты тексеру жүргізілетіні туралы хабарламалар таратып, ынтымақтастық орнатуға және құжаттарды ұсынуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМА-ға сілтеме жасап.

Сенімге кіру үшін бұл хабарламалар Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі бар қолдан жасалған бланкіде дайындалып, жалған ҰҚК мөрімен бекітілген. 

Одан кейін алаяқтар агент ретінде хабарласып, өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттар туралы ақпарат алуға тырысқан. Ескертеміз, Агенттік мұндай тексерулер жүргізбейді, сұраныстар жібермейді және жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды, - деді ҚМА баспасөз қызметі.


 

Өзгелердің жаңалығы