Саптық байқаулар не үшін өткізіледі

7 Мамыр 2023, 10:17
737
Бөлісу:
Саптық байқаулар не үшін өткізіледі
VIDEO
Фото: polisia.kz

Әрбір полиция қызметкерінің келбеті жинақы және ұқыпты болуы керек. Қызметкерлер киім кию ережелерін сақтауы тиіс. Себебі тәртіп осыдан басталады, – деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомстволық талаптарға сәйкес полицияда саптық байқаулар жазғы және қысқы киім нысанына көшу кезінде, яғни жылына екі рет өткізіледі. Бұл жеке құрамның құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерін орындауға дайындығын тексеру үшін қажет. 

Өңірлерде мұндай саптық байқаулар ауа райына байланысты әртүрлі уақытта өтеді. Алматыда кешенді полиция күштерінің бірыңғай саптүзеуі өтті. Оған патрульдік полиция полкінің, мамандандырылған батальонның нарядтары, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысты. Қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жапсырмалар мен эмблемалардың дұрыстығына, қызметтік куәлікке, шаш үлгісі мен тиісті аяқ киімнің болуына, сондай-ақ автокөлік пен техникалық құралдардың жай-күйіне ерекше назар аударды. 

Қаладағы тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Тәртіп сақшыларының қоғаммен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Ал материалдық-техникалық база мен мемлекеттік әлеуметтік қолдау сіздерге қылмысқа қарсы тұруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Арыстанғани Заппаров. 

Сонымен қатар саптүзеуде қызметкерлер түрлі құқық бұзушылықтар бойынша бағдарларды және командирлердің нұсқауларын тыңдады.

Өзгелердің жаңалығы