Сапасыз қызмет көрсеткен операторларға шара қолданылады

28 Ақпан 2023, 21:53
865
Бөлісу:
Сапасыз қызмет көрсеткен операторларға шара қолданылады
Фото: Liter.kz

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылында болған жағдай бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше,  Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылында болған жағдай бойынша мынаны мәлімдегім келеді. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Қарабұлақ ауылының халқы 524 адамды құрайды. Байланыс операторы берген лицензиялық міндеттемелерге сәйкес 500-ден астам халқы бар елді мекендер кем дегенде 2G стандартының дауыстық байланысымен қамтамасыз етілуі тиіс. Дегенмен, іс жүзінде бұл міндеттемелер орындалмаған.

Құрметті достар! Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылында болған жағдай бойынша мынаны мәлімдегім келеді. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Қарабұлақ ауылының халқы 524 адамды құрайды. Байланыс операторларының мәліметтері бойынша келесі байланыс технологиялары қол жетімді: - Ұялы байланыс 2G-"КаР-Тел" ЖШС, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС, "Кселл"АҚ. Байланыс операторы берген лицензиялық міндеттемелерге сәйкес 500-ден астам халқы бар елді мекендер кем дегенде 2G стандартының дауыстық байланысымен қамтамасыз етілуі тиіс. Алайда байланыс операторлары өздерінің лицензиялық міндеттемелерін орындамады, - деді Мейрамов.

Комитет төрағасы осы ауылдағы байланыс сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келмегендіктен, операторларға қатысты тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

Кепебұлақ ауылында «Кар-Тел» ЖШС операторы ұялы байланыс қызметін ұйымдастыруы керек еді, ал «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС операторлары бірлескен келісім шеңберінде (инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану) қызмет көрсетуі тиіс. Алайда, «Кар-Тел» ЖШС басқа екі ұялы байланыс операторы үшін бірлескен келісім шеңберінде ұялы байланыс инфрақұрылымын ұйымдастырған жоқ, осыған байланысты осы ауылдағы байланыс сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. Операторларға қатысты көрсетілетін қызметтердің сапасына тиісті тексеру жүргізілетін болады және операторларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады, - деді ол.

Мейрамов қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы