Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының №3 учаскесінде болып, онлайн режимінде дауыс берді.
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.Жалпы, облыс бойынша праймеризге 768 үміткер қатысуда. Оның 269-ы әйелдер, 222-сі 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і көп балалы аналар, 8-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Айта кету керек, кандидаттардың басым бөлігі, яғни 657 адам өзін-өзі ұсынған. Осы уақытқа дейін олардың қатысуымен шамамен 2800 іс-шара және 176 қоғамдық пікірсайыс өткізілген.
Қазіргі таңда жамбылдықтар үміткерлерге дауыс беруде белсенділік танытуда. Таңертеңгі сағат 10:00-ге дейін учаскелерше шамамен 42 500 адам келеді деп күтілсе, ресми мәліметтерге сәйкес, осы уақытқа дейін 31 855 азамат өз таңдауын жасаған. 4,5 мыңнан астам жамбылдықтар дәстүрлі түрде дауыс беруді таңдады.