Сапарбаев: Негізгі міндет – еңбекке қабілетті азаматтарға жағдай жасау

28 Мамыр 2019, 21:07
1567
Бөлісу:
Сапарбаев: Негізгі міндет – еңбекке қабілетті азаматтарға жағдай жасау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Нұр-Султан» қаласының АЭА аумағындағы «KazTexExpo» автоматтандырылған өндірістік кешенінде болды, деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі. 

Еңбек министрлігінің басшысы автоматтандырылған тігін цехын аралап, заманауи тоқыма өндірісінің технологияларымен және отандық өнімдердің түрлерімен танысты.
Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының төрағасы, «ASTANA Ютария ltd» ЖШС бас директоры Сәуле Шәуеновамен, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен, «Атамекен» ҰКП және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында нәтижелі пікір алмасу өтті, бизнес өкілдері бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстар айтты.Атап айтқанда, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және қолдау, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мамандарды оқыту және қайта оқыту және «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері талқыланды. 

Министр Елбасы тоқыма өнімдерінің импортын 2025 жылға дейін 50% дейін төмендету міндетін қойғанын атап өтті. Мемлекет бұған, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына кредит беру және мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың отандық өнімді сатып алуы арқылы ықпал ететін болады. 

Сонымен қатар, ол «Еңбек» жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасына, сондай-ақ кадрларды оқыту мен қайта оқытуды реттейтін басқа да нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілетінін хабарлады. 

Сапарбаев: Негізгі міндет – еңбекке қабілетті азаматтарға жағдай жасау

«Біздің алдымызда тұрған басты міндет – азаматтарды жұмыспен қамту. Жұмыс істей алатын, соның ішінде үй жағдайында жұмыс істей алатын адамдардың барлығы жұмыспен қамтылуға тиіс. Өз кезегінде, мемлекет бұл үшін барлық жағдай жасауы керек, біз бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті министр. 

Еңбек министрі тігін цехының жұмысшыларымен кездесіп, еңбек заңнамасын сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және қолдау мәселелерін талқылады. 

Министр кәсіпорынның жұмысын жоғары бағалап, жеңіл өнеркәсіптің әлеуметтік даму мен халықты қолдауға қосқан үлесін, атап айтқанда, кәсіпорында көпбалалы және аз қамтылған азаматтарды оқыту және қайта оқытуды, жұмысқа орналастырылуын атап өтті. 

«Кәсіпорынға жарты жыл бұрын Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастым. Мен екінші ұрпақтағы тігіншімін, бұған дейін көптеген ательеде жұмыс істедім. Мұнда қызметкерлер үшін барынша қолайлы жағдай жасалған, қызметкерлерді апарып алып келу және жатахана қарастырылған. Жалақыны кешіктірусіз уақытында аламыз. Қазақстанда мұндай өндірістердің көптеп жұмыс істегенін қалаймын» , - деді тігін жабдығының операторы, жеті баланың анасы Ботагөз Битөреева. 

Сапарбаев «Kaztexpo» кешенінің аумағында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ашылған өндіріс үшін мамандарды қайта оқыту және даярлау Оқу орталығының жұмысымен танысты. Бүгінгі күні орталықта 70-ке жуық қызметкер оқытылды, олардың көпшілігі кәсіпорынның өзінде жұмысқа орналастырылды. 

Сапарбаев: Негізгі міндет – еңбекке қабілетті азаматтарға жағдай жасау

«ASTANA Ютария ltd» Өндірістік инновациялық компаниясы  ЖШС 2013 жылы құрылды. Сол жылы компания «Астана - жаңа қала» АЭА аумағында «Kaztexpo»автоматтандырылған өндірістік кешенін салу бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асырды. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып, «Елді индустрияландыру картасына»енді. Өндірістік кешенге 7000 шаршы метрден асатын өндірістік, негізгі, көмекші цехтар, қызметтік, сақтау және әкімшілік орын-жайлар, жалпы, модельдеуден, дизайннан бастап әртүрлі қосымшалар үшін дайын өнім шығарылатын толық өндірістік цикл кіреді.Жобаны жүзеге асыруға 2 млрд. теңгеден астам қаражат инвестицияланды. 

Қазіргі уақытта кәсіпорында 460 қызметкер еңбек етеді. Компания халық тұтынатын өнімдердің кең ассортиментін шығарады-бұл арнайы киімдер, ерлер мен әйелдердің іскерлік және күнделікті киімі, балаларға арналған тауарлар, үй тоқымасы, сүлгілер, дастархандар, төсек-орын жабдықтары. Барлығы 500-ден астам тігін өнімі. 

Жыл сайын кәсіпорында 2 млн.астам өнім өндіре алады.

Өзгелердің жаңалығы