Сапарбаев: Көп нәрсе сатушыларға байланысты

17 Желтоқсан 2020, 21:45
2254
Бөлісу:
Сапарбаев: Көп нәрсе сатушыларға байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл соңына дейін әлеуметтік павильондар санын 6-дан 17-ге дейін арттыру жоспарланған. Оның үшеуі Тәуелсіздік күні тұтынушыларға есігін айқара ашты. 

Сапарбаев: Көп нәрсе сатушыларға байланысты

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа ашылған павильондарға арнайы бас сұғып, танысты. Коммуналдық дүкендерге 16 өндірушілердің өнімдері жеткізіледі. Мұндағы бағалар нарықтағыдан 10-20 пайызға төмен. Мәселен, тұрақтандыру қорының павильонындағы бірінші сұрыпты ұнның келісін 143 теңгеден, қант құмын - 190, картопты - 95, өсімдік майының литрі  - 420, бір бөлке нанды - 55 теңгеге сатып алуға болады.

Біз мүмкіндігінше жергілікті шаруа қожалықтарын көптеп тартып, жеткізілім желісіндегі қажет емес буындарды, яғни делдалдарды алып тастауымыз керек. Бағаны тұрақтандырудын негізгі әдісі – осы. Дүкендер барлық тұрғынға, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал тобындағы адамдарға қол жетімді болу үшін қаланың барлық бөлігінде орналасуы тиіс, - деп облыс әкімі «Тараз-ӘКК» ҰК» АҚ мен ауылшаруашылық басқармасына тиісті тапсырма жүктеді.

Сапарбаев: Көп нәрсе сатушыларға байланысты

Тұрғындардың шағымдары туындамас үшін, әр дүкенде тауарлардың бағасы мен жауапты мамандардың нөмірлері жазылған стендтер орнатылған.

Сапарбаев: Көп нәрсе сатушыларға байланысты

Көп нәрсе сатушыларға байланысты. Олар мәдениетті болып, әр тұтынушыға көмектесуі керек. Тұрғындар коммуналдық дүкендердің барлық артықшылығы туралы білуі тиіс, - деді Бердібек Сапарбаев.

Сапарбаев: Көп нәрсе сатушыларға байланысты

Аймақ басшысы тауарлардың бағасын тексеріп, сатушыларды және алушыларды әңгімеге тартты. Тұрғындар бағаны тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар үшін облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді.

Тиімді бағада азық-түлік сатып алғаныма қуаныштымын. Енді мерекелік дастарханды әзірлеу үшін үйге асығудамын, - дейді көпбалалы ана Айнагүл Еспенбетова.

Айта кету керек, облыстың барлық ауданында қосымша 10 әлеуметтік павильон ашылуда.

Өзгелердің жаңалығы