Сапалы тәрбие мен білімді ұрпақ болашақтың кепілі – Элина Сергеевна

1 Шілде 2022, 15:56
1633
Бөлісу:
Сапалы тәрбие мен білімді ұрпақ болашақтың кепілі – Элина Сергеевна
VIDEO
Фото: Нұрасыл ЕРЖАНОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында балаларды адамгершілік рухында тәрбиелеу тақырыбы көтерілді.  

Ұлттық комиссия мүшесі Элина Сергеевна 2011 жылдан бастап бала тәрбиесі саласында стратегиялық құжаттың жоқтығы, 2015 жыл Қазақстан Республикасының Үкіметіне балалар саласының стратегиясына қатысты құжатты әзірлеуге қатысты ұсыныстар енгізілгенін, оның  ішінде тәрбие мәселелерін қамтитын  балалардың мүддесіндегі ұлттық мәселелерін қамтитын іс жоспардың керектігі,  балаларға жағымсыз интернет пен бұқаралық ақпарат құралдарына қол жетімді болу салдарынан аналардың болашаққа деген сенімсіздігі мен алаңдаушылығы басым екені туралы  айтып өтті.

Ол балалардың мәдениетін арттыру үшін ересектер қоғамдық орындарда оларға үлгі боларлықтай әлеуметтік бейнероликтерді шығарып отыру керектігін және  мәдениеттілік тек іс-шаралармен ған емес, сонымен қатар қоршаған ортаның, сапалы тәрбиенің және білім ордасының үлесінде деген ойын білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы