Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысатын халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынайды. Бәсеке 17 наурызға дейін жалғасады.
“Belgrade winner” турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары:
48 келі: Ернұр Қайрат
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылқұлов
60 келі: Бейбарыс Жексен
63,5 келі: Ерасыл Таңқай
71 келі: Сабыржан Аққалықов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жакпеков
86 келі: Темірлан Мұқатаев
92 келі: Данияр Рахымбердинов
+91 келі: Олжас Боқаев