Санжар Тәшкенбай әкесіне темір тұлпар мінгізді

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай әкесіне сыйлық жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 Маусым 2023 2023, 00:22
АВТОР
 видеодан кадр 3 Маусым 2023 2023, 00:22
3 Маусым 2023 2023, 00:22
1737
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай әкесіне сыйлық жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан бокс федерациясынан хабарлағандай, Санжар Тәшкенбай бүгін федерация президентінің ақшалай сыйақысына көлік алып, оны әкесіне сыйға тартқан.

Спорттағы мотивация бірі деп осыны айта аламыз. Санжар Тәшкенбай әкесіне қымбат көліктің кілтін табыстады. Біздің спортшылардың барлығы қарапайым отбасынан шыққан. Бірақ оларға жоғары деңгейде қолдау көрсетілсе, түпкілікті мақсат лайықты нәтижеге ие болады, - деп мәлім етті федерациядан.

Айта кетейік, таяуда Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлем чемпионатында жүлдегер болған боксшыларға  $100 мың сыйлаған болатын.

Наверх