Санитарлық дәрігер қай вакцинаны салдырғандар шетелге шыға алатынына тоқталды

13 Желтоқсан 2021, 21:22
1045
Бөлісу:
Санитарлық дәрігер қай вакцинаны салдырғандар шетелге шыға алатынына тоқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «20:21» жобасына берген сұхбаты барысында хабарлады. 

Оның айтуынша, әр мемлекет елге кіргізу ережелерін өздері бекітеді.

Көптеген мемлекет ДДСҰ шұғыл жағдайларда қолдану үшін ұсынылған вакцинаның тізімін анықтады. Бұл тізімнің қатарында бізде CoronaVac, SinoPharm, Сomirnaty (Pfizer) бар, - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ Сomirnaty (Pfizer) екпесінің баршаға бірдей қолжетімді еместігіне тоқталды.

Біз вакцинаны шетелге бару үшін алмауымыз керек. Негізгі міндетіміз – өзіміз, айналамыздағы жандарды қорғау және сол арқылы қоғамның арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Одан кейін барып екінші міндет – қоғамдық жерлерде еркін жүре алу мен шекарадан өту, - деді санитарлық дәрігер.

Еске сала кетейік, бұған дейін санитарлық дәрігер келесі жылы қаңтардағы эпиджағдайға болжам жасағаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы