Санитарлық авиация Риддерден сәбиді Өскеменге жеткізді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі кезекті апаттық рейс туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан скрин 7 Қазан 2025 2025, 23:29
7 Қазан 2025 2025, 23:29
555
Фото: видеодан скрин

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі кезекті апаттық рейс туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экипажға шұғыл медициналық эвакуацияны қажет еткен жаңа туған нәрестені Риддерден Өскеменге жеткізу міндеті жүктелді.

"Қазавиакөлік" әуе компаниясының ұшқыштары Сергей Пинигин мен Олег Алфеев МИ-8 тікұшағын ұшырып, облыстық Ана мен бала орталығының дәрігері Ботагөз Ақашева және санитарлық авиацияның фельдшері Бек Асаубаевпен бірлесе отырып тапсырманы тез орындады. Ұшу еш қиындықсыз өтті.

Наверх