Санитарлық нормаларды бірнеше рет бұзғаны үшін айыппұл салынғандар бар - Бекшин

1 Маусым 2020, 18:04
1726
Бөлісу:
Санитарлық нормаларды бірнеше рет бұзғаны үшін айыппұл салынғандар бар - Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы ірі және шағын бизнес өкілдері мониторинг тобының талаптарын орындап жатқанын мәлімдеді.

Бекшин  қаладағы блок-бекеттер алынғанымен қаладағы барлық мекелемелер мен сауда орындары санитарлық норманы сақтайтынын жеткізді.

Біз тексеріс жұмыстарын жалғастыра береміз. Санитарлық нормаларды бірнеше рет бұзғаны үшін бизнестің 3%-на айыппұл салынды,-деді ол.

Сонымен қатар, ол қаладағы блок-бекеттерді алмас бұрын қала және аудандық әкімдіктің атсалысуымен дайындық жұмыстарын жүргізгендерін айтты. Мониторинг тобына кәсіпкерлер палатасы, әкімдік, санитарлық және полиция қызметкерлері кірген.

Мекемелердің жұмысын қайта іске қоспас бұрын оларға түсіндіру жұмыстарын өткізіп, кеңес бердік. Содан кейін қаладағы тамақтану нысандары, сән салондары ашылған еді, ал бүгіннен бастап азық-түлік емес базарлар іске қосылды. Олардың бәріне алдын ала талаптар қойып, нұсқамаларды әзірлеп жасадық,-деді Бекшин. 

Сөз арасында ол вирус жұқтыру жағдайы әлі саябырсамағанын, сондықтан қоғамдық орындарда адамдардың жиналуына тыйым салып жатқандарын айтты. 

Концерттер мен спорттық сайыстар өткізуге әлі ерте. Қазір балабақшаларды ашу жөнінде ұсыныстар түсіп жатыр, дегенмен біз кезең-кезеңі мен ашамыз, қазір кезекші топтар жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, ойын-сауық орталықтары ішінде әлі ашылмаған нысандар бар. Яғни, адамдарды бір жерге шоғырландыратын кионтеатр, фитнес орталықтары, балалар ойнайтын алаңдар, фуд-корт ашылмады,-деді ол.
Өзгелердің жаңалығы