Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтілмек. Бұдан была ережені бұзған кәсіпорындарға айыппұл салынады.
Мониторнгтік топ өкілдері аймақтың ірі өнеркәсіп нысандарын тексерді. Басты мақсат - карантиндік шараларды сақтауды бақылау, зауыт мамандарын жеке қорғаныс құралдарымен қамту деңгейін анықтау. Алғашқы рейд өндіріс ошақтарының автобустарынан басталды. Сала мамандары жолаушы тасымалдайтын автобустардағы санитарлық талаптардың орындалуын бақылады.
Павлодар қаласының бас санитарлық дәрігері Александр Сафяниковтың айтуынша, қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай күрделеніп келеді. Сондықтар, автобус ішіндегі ара қашықтықты сақтау қажет.
Облыс орталығында мониторнгтік топ құрылды. Карантиндік режимнің әлсіреуінен кейін көптеген өндіріс ошақтары жұмыстарын күшейтті. Дегенмен, аймақта коронавирустық инфекцияны жұқтыру деректері тіркеліп жатыр. Сондықтан, тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Бүгін Павлодар мұнай-химия зауыты, "Қазэнергокабель" кәсіпорнының жолаушыларды тасымалдауын тексердік. Өкінішке қарай, көлік ішінде ара қашықтық сақталмайды. Автобус ішінде бетперде режимі сақталуы керек. Екі отыру орнына бір-ақ жолаушы отыру керек. Сонымен қатар, санитарлық тазалық жұмыстары мен дезинфекциялық шаралар жүргізілуі тиіс, - дейді Александр Сафяников.
Айта кетейік, бұған дейін мониторингтік топ өкілдері ережелерді бұзғандарға тек ескерту айтқан. Енді айыппұл салынады. Талаптарды орындамаған ұйымдарға 500 және 1600 АЕК көлемінде айыппұл алу жазасы қарастырылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының хабарлауынша, өңірде инфекция анықталған 286 науқастың 181-і жазылып шықты.