"Sanaly urpaq" жобалық кеңсесі 40 мыңнан астам шара өткізді – жоба жетекшісі

25 Қаңтар 2020, 10:07
2475
Бөлісу:
"Sanaly urpaq" жобалық кеңсесі 40 мыңнан астам шара өткізді – жоба жетекшісі
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  "Sanaly urpaq"  жобалық кеңсесін құрудың мақсаты білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан жалпы бас тарту түсінігін қалыптастыру. Бұл туралы "Sanaly urpaq" республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев сұхбаттасу барысынада айтты.


Сұхбат барысында Қ. Токушев республикалық жобалық кеңсенің 2019 жылы атқарған істерімен таныстырып, сыбайлас жемқорлықпен күресте қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Алматы қаласының әкімшілігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Sanaly urpaq" жобасын 2018 жылдың сәуір айында іске қосқан.

Қ.Токушев "Sanaly urpaq" жобасы бес бағытта жұмыс жасайтынын және осы бағыттарға сәйкес айтарлық жұмыс көлемі атқарылып жатқанын жеткізді. 
Атап айтқанда,  жоғары оқу орындары мен ҚР БҒМ үшін білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар картасы және оларды іске асырудың нақты алгоритмі бар 12 ұсынымның жиынтығы әзірленді. Еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары мен колледждерінде студенттерге қызмет көрсету орталықтары мен фронт-кеңселер ашылды. Оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, академиялық адалдық кодексі, "Адал Ұрпақ" мектеп және «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының жұмыс жоспарлары қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялар құрылды, өзгеріс елшілері анықталды. Білім беру саласындағы тұрмыстық сыбайластықтың деңгейін төмендету бойынша іс-шаралардың кешендік жоспары қабылданды, - дейді ол. 

Сондай-ақ оқушылар, мұғалімдер және ата-аналарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар да әзірленіпті және осы бағытта 2019 жылы айтарлықтай жұмыстар атқарылған.
Ірі масштабтағы іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, мысалы, 2019 жылғы 19 наурызда жемқорлыққа қарсы жастар форумын өткіздік, 2019 жылғы 27 сәуірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу бойынша конкурс-викториналар, 1 маусымда балалар суреттерінің конкурсы, 1-15 қыркүйегі аралығында 1 курс студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жұмыстары жасалды, 26 қараша мен 6 желтоқсан арасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен шет ел студенттері арасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері" пәні бойынша online олимпиада өткіздік, 29 қарашасында Теміртау қаласында, Қарағанды мемлекеттік индустриальды университетінде өткен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өкізілген, "Білім беру трансформациясы: мазмұны, технологиясы, сапасы" атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатыстық, 15 қараша 2019 жылы "Мен жастарға сенемін!" республикалық жастар форумында алғаш рет "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы парасаттылықты дамыту" тақырыбында үздік жоба бойынша байқау жеңімпаздар марапатталды және тағы басқа жұмыстар атқарылды, - дейді жобалық кеңсесінің жетекшісі. 

2019 жылдың қыркүйек-қазан-қараша айларында Жобалық кеңсе орта оқу орындарының педагогикалық ұжымдарымен қамқорлық кеңесі мүшелерінің, ата-аналар қоғамдастықтарының қатысуымен тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша кеңестер өткізе білген. Сонымен қатар, өткен жылы жоғары оқу орындары студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың қазіргі деңгейін анықтау мақсатында екі рет ананимді сауалнама жүргізген.
Қысқы сессиядан кейін сауалнамаға қатысқан студенттердің 71,6%-ы, жазғы сессия қорытындысы бойынша 73,5%-ы сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, яғни пара, сыйлықтар, жеке байланыстар кездеспегенін мәлімдеді. Әлеуметтік зерттеудің қорытындылары ректорлармен талқыланып, алдын алу шараларын қабылдау үшін ЖОО-на жіберілді, - дейді ол.

Қазір жоғары оқу орындары мен колледждерде парасаттылық мектебі, дәрістік топтар құрылып, жұмыс істеп жатыр екен. Сондай-ақ, парасаттылық орталықтары Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰҚПУ, ҚазҰАУ,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ALMAU-де құрылып, арнайы жеке құрамы белгіленіпті. 
Жобалық кеңсе ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады. Мысалы, "Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құқықтық және басқару тетіктері, ұлттық және шетелдік тәжірибе" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция, "Жоғары оқу орындарында парасаттылықты қалыптастырудың әдіснамалық негіздері және әдептілікті көтеру" тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылып, өткізілді.  ҚР БҒМ қармағындағы "Адал білім" жобалық офисімен өзара әріптестік қарым-қатынас орнатылды, - дейді Қайыржан Токушев.

Оның айтуынша, аталған жоба өңірлерде белсенді іске асырылуда, оған еліміздегі 1 млн-ға жуық мектеп оқушылары тартылған,  6700-ден астам "Адал ұрпақ" мектеп клубтары, 587-ден астам «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселер мен студенттер клубтары бар екен. 
"Опен спейс" қағидасы бойынша  қызмет кабинеттерін ауыстарған мектеп және колледж басшыларының саны бүгінде 3000-ға жетіп отыр.  40 000-нан астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілді. Жобалық кеңсе  ашылғаннан бері тек қана Алматы қаласының ЖОО-да, колледждерде, мектептерде және мектепке дейінгі мекемелерінде 333 кездесу, 168 дөңгелек үстел, 11 форум және  слеттер, флэш-моб, дебаттар, 133 байқау, "Адал ұрпақ" клубтарының слеттері, оқушылардың, студенттердің, мұғалімдердің және ПОҚ қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған 42 000-нан астам адамды қамтыған іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында 1 курс студенттері арасында академиялық адалдық саясаты туралы жиналыстар өтті, - дейді ол.

Парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша республикалық және өңірлік БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде және теледидарда белсенді түрде жоба жұмысының нәтижелері жарияланып келеді екен.  Мәселен, "Егемен Қазақстан", "Білімді ел", "Экспресс К", "Заң", "Қазақ", "Вечерний Алматы" және облыстық газеттерде 49 мақала, телеарналарда сұхбаттар мен бейнесюжеттер жарияланса, интернет кеңістігінде 211 және әлеуметтік желілерде 231 мақалалар жарияланыпты.
Өзгелердің жаңалығы