Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте халық санаққа қатыса отырып, перспективалы әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге өз үлесін қосатынын айтты.
Сауалнамада «тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларының материалын көрсетіңіз» деп сұрайды. Бұл сұраққа 11 түрлі жауап нұсқалары бар екенін айта кетейін. Ол ел бойынша, атап айтқанда Алматыда тұрғын үй қорының жай-күйін кешенді талдауға мүмкіндік береді. Алматы үшін бұл қаланың бас жоспарын түзету мақсатында өте маңызды, өйткені біз қалалықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуіміз керек, - дейді Ахмеджанов.Басқарма басшысының айтуынша, жауаптардың көмегімен экономика мен әлеуметтік саладағы проблемаларды анықтап, жоспарлауды жақсартуға болады.
Кейбір сұрақ инфрақұрылымның даму деңгейін анықтауға бағытталған – балабақша, мектеп, медициналық мекемелер мен басқа да әлеуметтік нысандардың болуы. Бұл сұрақтар нақты санақ кезінде елдің демографиялық көрінісін көрсетуге көмектеседі, - дейді ол.Халықаралық ұйымдар ұсынған сұрақтардың арасында азаматтардың денсаулығына қатыстылары да бар.
Мысалы, көру, есту, жүру және есте сақтауға қатысты нақтылау сұрақтары енгізілген. Бұл қала құрылысы мен сәулетшілер үшін де маңызды. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тиісті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілуі тиіс, - дейді Ахмеджанов.Оның айтуынша, санақ экономиканы дамытуға мүмкіндік береді, себебі мемлекет халық туралы нақты статистикалық ақпаратқа ие болуы керек.
Жұмыс туралы жауаптар әр түрлі аймақтардағы еңбек нарығын зерттеуге көмектеседі. Өте маңызды мәселе - «сіз тұрақты тұрғылықты жеріңізден жұмысқа дейін қанша уақытта жетесіз?». Таң қаларлығы, дәл осы сұрақ сын тудырды. Бірақ бұл өте маңызды аспект. Адамдардың жұмыс іздеуге қайда және қалай көшетіні туралы ақпарат жұмыс орындарының жетіспейтінін түсінуге көмектеседі. Демек, бұл аумақта жаңа кәсіпорындар салу, қызмет көрсету саласын дамыту қажет, - дейді ол.