«Санаға ие болады»: Маск ұшатын спорткардың мүмкіндіктерін ашып көрсетті

Көрсетілім кезінде автомобиль бірнеше күрделі трюк орындады. Атап айтқанда, ауада төңкеріліп, айналып, кейін қайтадан дөңгелектерімен жерге қонды.

 Wikipedia 18 Қазан 2026, 05:22
18 Қазан 2026, 05:22
68
Фото: Wikipedia

Илон Маск электрлі Tesla Roadster спорткарының жаңа мүмкіндіктерін жариялады. Оның айтуынша, көлік жетілдірілген басқару жүйелерінің арқасында күрделі трюктерді өздігінен орындай алады. Маск бұл жүйелерді бейнелі түрде «сана» деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Tesla компаниясының басшысы сондай-ақ Техас штатындағы компанияның штаб-пәтері жанынан арнайы трасса салынатынын мәлімдеді. Масктің жоспары бойынша, онда тұйық ілмектер мен күрделі бұрылыстар болады. Бұл полигон электрокөлік иелеріне көліктің мүмкіндіктерін экстремалды жағдайда сынап көруге мүмкіндік береді.

Жаңартылған Roadster көлігі 16 қазанда таныстырылды. Оның басты ерекшеліктерінің бірі – SpaceX компаниясымен бірлесіп әзірленген реактивті қозғалтқыштар. Олардың көмегімен көлік қысқа уақытқа жерден көтеріле алады және ауада өз қалпын өзгерте алады.

Көрсетілім кезінде автомобиль бірнеше күрделі трюк орындады. Атап айтқанда, ауада төңкеріліп, айналып, кейін қайтадан дөңгелектерімен жерге қонды.

Наверх