Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Сайлаушылардың келуі 74% құрады, - делінген СІМ хабарламасында.
Айта кетейік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы немесе 6 млн 521 мың 860 адам бюллетеньдер алды.
Бұған дейін мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша Exit poll-дың алғашқы нәтижесі жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.