«Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» сатылымға шығарылатын акциялардың параметрлерін жариялады

8 Қараша 2022, 12:19
1122
Бөлісу:
«Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» сатылымға шығарылатын акциялардың параметрлерін жариялады
Серіктестік материал
Фото: автордан

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ акцияларды сатылымға шығару бойынша алғашқы ұсынысын жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Соған сәйкес, қор «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясының  өзіне тиесілі 551 698 745 акциядан  30 505 974 жай акциясын сатуға ниетті. 

Мұнай компаниясы «Астана» халықаралық биржасының (бұдан әрі – «AIX»), «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасының (бұдан әрі – «АХҚО») бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізуге және акцияларды AIX-те сауда-саттыққа жіберуге өтінім беруге ниетін растайды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-қорының Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, инвесторлардан өтінім қабылдау ертең басталады. Бұл ретте институционалдық инвесторларос ыжылдың 30 қарашасына, ал бөлшек инвесторлар үшін 2 желтоқсанына дейін өтініш жолдай алады. 

Акциялардың 90,42%-ына иелік ететін Қор инвесторлардың кең ауқымына  30 505 974 акцияға дейін сатып алуды ұсынуға ниетті. Осы орайда Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Жоғары аталған акциялар –барлық акцияның шамамен 5%-ы. Қалған акциялар қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі.Осылайша, IPO-ның нәтижелері бойынша Қор кем дегенде 85% Акцияларға иелік етуді жалғастырады. Ұсыныстың шеңберінде бір Акцияның бағасы шамамен 5,1 триллион теңге мөлшерінде капиталдандыруды болжай отырып, бір Акция үшін 8 406 теңгені құрайды, - дейді Алмасадам Сатқалиев.

Биыл құрылғанына 20 жыл толып отырған «ҚазМұнайГаз» компаниясы көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдау, қайта өңдеу және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқаратын елдегі жетекші ұлттық компаниялардың бірі екенін атап өткен жөн. 

Компания елдегі мұнай мен газ конденсатын өндіруде 25%, тасымалдауда 56% және мұнай өңдеуде 82%-ды қамтиды. Ал шоғырландырылған активтердің көлемі 15 триллион теңгеден асады.  Қазірдің өзінде компания корпоративтік басқару мен ашықтықтың ең жоғары стандарттарына сәйкес келеді әрі еурооблигацияларының шығарылымдары арқылы халықаралық және қазақстандық бағалы қағаздар нарықтарында танымалдыққа ие. Барлық үш жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің халықаралық кредиттік рейтингтері бар, олардың екеуі - инвестициялық деңгей. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев компания акцияларының бір бөлігін сатылымға шығару оның әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Үкімет пен Қордың ҚМГ акцияларының бір бөлігін еркін нарықта сату туралы шешімі әлеуетті инвесторларға компанияның акцияларын сатып алуға жағдай жасап, Қазақстандағы бағалы қағаздар және қор биржалары нарығының дамуына ықпал ететін болады. Бұл ретте компанияны бақылау Қор арқылы мемлекетте қалатынын атап өту керек. Біз өз тарапымыздан компанияның инвесторларға тартымды болуы және олардың инвестициялық портфельдерінде лайықты орын алуы үшін бар күшімізді саламыз, - деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Атап өтейік, «ҚазМұнайГаз» компаниясының акциялары халықтық ІРО бойынша ел Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында сатылымға шығарылмақ. Бұл ретте жаңа акциялар орналастырылып, сатылмайды. Оған қоса, «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры IPO арқылы акцияларды сатудан ақшалай қаражат алмайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы биыл көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартып, табысты кәсіорынға айналды. Оған мына деректер дәлел бола алады: 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 10 774 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға ұлғайды. Сондай-ақ, биыл тасымалданған мұнай көлемі былтырғыдан 0,6%-ға артып, 37 157 мың тоннаға жетті. Қазақстандық және Румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын қайта өңдеу көлемі 0,2%-ға ұлғайып, 9 721 мың тоннаны құрады. Табыстың да көбейгені байқалады. Осы жылдың алғашқы алты айында таза пайда 677 млрд теңге, бұл дегеніңіз 1504 млн АҚШ доллары болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға көп. 

Өзгелердің жаңалығы