Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

16 Наурыз 2024, 17:15
731
Бөлісу:
 Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров (58 кг) Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жартылай финалда отандасымыз Филиппин өкілі Курт Бриан Барбосаны жеңді. Ұлттық құрама спортшысы екі раундта да айқын басымдылыққа ие болды. Есеп: 2-0.

Абабакиров осыған дейін Нұрхан Самидиновты (Қырғызстан), сосын Танакрит Йодракты (Таиланд) ұтқан болатын.

Бұл таеквондодан Ұлттық құраманың Париждегі ойындарға алған екіншісі жолдамасы.

Өзгелердің жаңалығы