Самбодан ӘЧ: қазақстандықтар тағы екі медаль жеңіп алды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар Ташкентте самбодан өтіп жатқан 2021 жылғы әлем чемпионатында тағы екі медаль ұтты. </p>

14 Қараша 2021 2021, 17:55
АВТОР
 14 Қараша 2021 2021, 17:55
14 Қараша 2021 2021, 17:55
1087

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар Ташкентте самбодан өтіп жатқан 2021 жылғы әлем чемпионатында тағы екі медаль еншіледі.

Sports.kz сайтының мәліметінше, қазақстандық Ажар Салықова әлем біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алды. Ол финалда 65 келіге дейінгі салмақта украиналық Юлия Гребеножкоға 0:1 есебімен ұтылды. Тағы бір күміс медальды бүгін Қазақстан қоржынына 72 келі салмақта сынға түсіп жатқан Ділдаш Құрышбаева салды. Ол финалда Израиль спортшысы Алис Шлезингерге жол берді.

Осылайша, қазақстандықтардың 2021 жылғы әлем чемпионатында жеңіп алған медальдар саны 6 болды.

Бұған дейін Рахат Жанәниет пен Гүлдана Әлмұхамбетова алтын медаль, Райхан Мәди күміс медаль жеңіп алған болатын. Ал Болатбек Райымқұлов қола медаль қол жеткізген еді.

Наверх