Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Самат Смақов Павлодардың "Ertis" клубының директоры болуы мүмкін. Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады.
"Ertis" клубының бұрынғы басшылары (Эдуарда Глазунов пен Дмитрий Васильев)қызметтерінен кеткен соң, ресми түрде бас директор болып Александр Гончаренко тағайындалған.
Бізге белгілі болғандай, бұл қызметке Самат Смақовтың кандидатурасы да қаралып жаты. "Ақтөбенің" экс-директоры тіпті облыс әкімімен кездесуге барған. Бірақ тараптар әлі келісімге келмеді.
Бұрын хабарлағанымыздай, Давид Лория спорттық директоры лауазымына тағайындалады. Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы да аймақ басшысымен кездесіп, клубтың болашағына деген көзқарасын білдірген.