Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің қайда екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің пробациялық бақылауға алынғанын айтты.
Үкім туралы сұрақ судьяларға қойылуы керек. Ол тұрғылықты жерінде орналасқан және тиісті рәсімдер болады. Процедура - пробациялық бақылау. Үкімде мұның бәрі көрсетілген, ол елден кетпеуі керек, тұрғылықты жерінде болуы керек, - деді Саденов.
Қаңтарда Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген еді.
БАҚ беттеріндегі мәліметке сәйкес, Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодексі 362-бабының 4-бөлігі бойынша (Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалған. Бұл баппен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген және жазаны айппұлмен алмастыру мүмкін емес.
Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған болатын.