Биыл «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының төрт учаскесі жөнделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәселен, орташа жөндеу жұмыстары бұл тасжолдың Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан өңірлерінде орналасқан учаскелерінде жүргізілді.
Жөнделген учаскелердің қатарына:
Ақтөбе өңіріндегі ұзындығы 49 шақырымды құрайтын Ақтөбе қаласынан Қобда ауылына дейінгі учаске; (626-690 шқ аралығы).
БҚО-дағы Бекей елді мекенінен Ақтөбе өңірінің шекарасына дейінгі 81 шақырымдық учаске; (298-330, 408-443, 511-526 шқ аралығы).
Ақтөбе өңірінің шекарасынан Түркістан өңірінің шекарасына дейінгі 116 шақырым; (1248-1555, 1713-1804, 1806-2057 шқ аралығы).
Түркістан облысындағы Икан қаласынан Спатаево ауылына дейінгі 48 шақырымдық аралық жатады; (2137-2185 шқ аралығы).
Жалпы биыл «Самара-Шымкент» республикалық трассасының 300 шақырымы жөнделді.
Естеріңізге сала кетейік, «Самара-Шымкент» республикалық автожолы еліміздегі ең ұзын жолдардың қатарына жатады. Тасжол еліміздің бірнеше өңірінен өтеді. Автотрассаның жалпы ұзындығы - 2010 шақырым.