Самар ауданында ауыл шаруашылығына 262 субсидия берілді – ШҚО

29 Қыркүйек 2024, 01:45
441
Бөлісу:
Самар ауданында ауыл шаруашылығына 262 субсидия берілді – ШҚО
Фото: baq.kz

Самар ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялауға жалпы сомасы 331,189 млн теңгені құрайтын 262 өтінім толығымен қанағаттандырылды. Бұл туралы ШҚО ӨКҚ өткізген брифинг барысында Самар ауданы әкімінің м.а. Жасұлан Майкенев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі күні аудандағы кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде ауданда несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдікті қаржыландыру сияқты қаржы құралдары пайдаланылады.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға 164,619 млн теңге сомасына 39 өтінім берді, - деді Жасұлан Майкенев.

Айта кету керек, ауданда ет алу бағытындағы екі асыл тұқымды шаруа қожалығы және ірі қара малдың асыл тұқымын іріктеу жұмысымен айналысатын бес шаруа қожалығы тіркелген. Шаруашылықтарда барлығы 1 147 бас ірі қара бар.

Ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 66 166 га құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар 38 520 га, майлы дақылдар - 25 500 га, көкөністер мен бақша дақылдары - 98 га, жемшөп - 2 060 га, жүгері - 300 гектарды құрайды.

2024 жылы аудан тұрғындары сомасы 637,530 млн теңгеге 31 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, бұл көлік-трактор паркін жаңартуға ықпал етеді.

Сондай-ақ ауданда суармалы жерлерді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Самар ауылында Ешкібай су қоймасы бөгетінің бақылауындағы суармалы жер 751 гектарды құрайды, оның ішінде 2024 жылы 500 гектар суарылады. Болашақта суармалы жерлерді 130 гектарға кеңейту жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы