Салықты көтеру адамдардың өміріне қалай әсер етеді? – Жұманғарин түсіндірді

28 Қаңтар 2025, 14:58
627
Бөлісу:
Салықты көтеру адамдардың өміріне қалай әсер етеді? – Жұманғарин түсіндірді
Фото: primeminister.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифингте журналист "Қосымша құн салығы көтерілсе азық-түлік бағасына қалай әсер етеді" деп сұрақ қойды.

Мұны есептеп жатырмыз. Біз Ұлттық банк өкілдері, ірі кәсіпкерлер және сарапшылармен пікір алмастық. Олар арнайы макроқажылық модельдер арқылы есептейді. Бағаның көтерілуі тауарларға байланысты. Меніңше, күнделікті тұтынып жүрген тауарлар шамамен тек 5-6 пайызға артық көтерілмейді, алайда инфляция артады. Дегенмен ол да қысқа мерзімді ғана болмақ, яғни бір жылдық артық көтерілмейді. Оның үкіметке берері көп. Өйткені 6-7 трлн қосымша ақша үкіметтің даму бюджетіне барады, - дейді Жұманғарин.

Вице-премьер "Қосымша құн салығының өсуі қарапайым азаматтарға не береді?" деген сауалға да жауап берді.

Әр нәрсенің екі жағы бар ғой. Біржағынан - ҚҚС-ны көтергелі жатырмыз, екіншіден - әлеуметтік жалақы қорына жүктемені азайтамыз. Ол дегеніміз болашақта айлықтың көтерілуіне әсер етеді. Демек қалтамызға көп қаражат қалады деген сөз.  Алдағы уақытта жоғары сапалы жұмыс орындары ашылады. Біз экономикамыздың басқа бағыттарына да көңіл бөле аламыз. Түскен қаражатты дамыту институттарымызға салуға болады. Қазір қай жерге қаражат жетпейді, соны құяйын деп отырмыз, - деді Серік Мақашұлы.

Өзгелердің жаңалығы